Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын «Дастархан» сауда орталығы, «Әл-Кәусар», «Береке» супермаркеттері және «Қаратау» дүкенімен нарық субъектілерімен монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілерін жасасты.


Нарық субъектілері жұмыртқа, қарақұмық, сиыр еті (сүйекті жауырынды-төс бөлігі), тауық еті, бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан, рожки, күріш, күнбағыс майы, сары май, 2,5% пайыздық сүт пен айран, сүзбе, құмшекер, тұз, қырыққабат, картоп, сәбіз бен пияз, тауық етінің рұқсат етілген шекті сауда үстемесінің мөлшерін 15% - дан 10% - ға дейін ерікті түрде төмендетпек. Үстеме жеткізуші шартында көрсетілген өндірушінің немесе көтерме өнім жеткізушінің неғұрлым төмен сатып алу бағасының пайыздық ара қатынасында есептеледі.


Монополияға қарсы комплаенс - бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесі. Монополияға қарсы комплаенстің актісі компанияның тиісті тауар нарығындағы адал бәсекелестік саясаты мен ережелерін айқындайды.


Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департамент кәсіпкерлерді монополияға қарсы органмен комплаенс жасасуға шақырады.