«Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады. Бұл қатысушылардың жалпы санының 67%-ын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ға жоғары. Тестіленушілердің 51 мыңға жуығы, яғни 33%-ы шекті балл жинай алмады. ҰБТ орташа балы 66 балды құрады. Биыл ең жоғары балл – 139. 3179 оқуға түсуші 120 балдан жоғары жинады», - деді спикер.


Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алды. Биыл апелляцияға 50 мыңнан астам өтініш берілді, оның ішінде 318 өтініш қанағаттандырылды.