«Қабылданған шаралар арқасында қаңтар, наурыз және негізгі ҰБТ қорытындылары бойынша бөгде адамдарды кіргізуге тырысудың тек бір фактісі тіркелді. ҰБТ-ның үшінші аптасында қатысушы өзінің орнына басқа тұлғаны жіберген. ҰБТ-ға кіргізу барысында Face-ID жеке басын сәйкестендіру жүйесі бөгде адамды анықтады. Тиісті іс-шаралар қабылданды. Өткен жылы бұндай 18 жағдай анықталған еді», - деді Емелбаев.