«Осы жылдың басынан бері 16,3 мың жұмыс орны құрылды. 3,3 мың орындық 54 бала бақша ашылды, 45 км инженерлік желі салынды. Газбен жүретін 300 автобус сатып алынды, 145 мың ағаш отырғызылды. Биыл қыркүйек айына дейін Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары әзірленеді. Бұл жоспарда мегаполис пен Алматы облысы синергиясының жобалары айқындалатын болады»,- деді әкім.


Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, байланыс қызметтері экономиканың өсу драйверлеріне айналды. Жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. Жыл басынан бері негізгі капиталға салынатын инвестициялар 21%-ға өсті. 


Қала экономикасының негізгі саласы – сауда жыл басынан бері алғаш рет 1,7%-ға артып, «оң аймаққа» шықты.


Осы жылдың 5 айында Алматыдағы іскерлік белсенділік индексі 4 проценттік тармаққа өсіп, мамыр айының соңында 48,7%-ды құрады. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 50%-дан астам деңгеймен оң аймаққа шығу күтіледі.