«Осылайша, 2022 жылдың басынан бері 3 316 орындық 54 жеке меншік бала бақша ашылды, жыл соңына дейін тағы шамамен  1 500 орындық 17 бала бақша, оның ішінде 560 орындық 2 мемлекеттік бала бақша ашылады. Биыл орта білім беру саласында 13,8 мың орынға есептелген 18 объектіні пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде 10 750 орынға 11 жаңа мектеп, оның 5-еуі мемлекеттік және 6-ы жеке меншік мектеп, 1 270 орынға 5 қосымша құрылыс, 1 800 орындық 2 ғимаратты сатып алу жоспарланып отыр», - деді Алматы қаласының әкімі Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.


Жыл соңына дейін қалада 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2,4%-ға, мектептердегі оқушы орындарының саны 5%-ға өседі.