«2022 жылдың соңына дейін су басатын 56 учаске жойылып, 12 коллектор қалпына келтіріледі, 75 км арық желісі жаңғыртылады. Жүйелі шара ретінде нөсер канализациясы (коллектор, каналдар, су тоғандары) бірыңғай оператор - қала әкімдігіне тиесілі «Eco Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне беріледі. 2023-2024 жылдары 201 км арық желісін жаңғырту аяқталады, 100 км жаңа арық желісі салынады, тұрақты су басатын 46 учаске жойылады. Тұрақты су басуды жою үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджет резервінен 5,3 млрд теңге бөлінді», - деді спикер.