«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі № 214 бұйрығына (бұдан әрі –Бұйрық) сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы шілде-қыркүйек айларына 15 000 (он бес мың) тонна күнбағыс тұқымдарын (СЭҚ ТН кодтары 1206 00 100 0, 1206 00 990 0) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған квота көлемін бөлудің басталғаны туралы хабарлайды.

Квота көлемін бөлудің басталуы 2022 жылғы 8 шілдеде сағат 9.00-ден.

Квотаның қолданылу кезеңінде тауарларды әкетуге бір өтінім беруші үшін жол берілетін лимит жиынтығында 500 (бес жүз) тоннадан  аспауы қажет.

Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемдерін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес фитосанитариялық сертификаттар беру кезінде автоматты түрде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған «e-Аgrіculture» жүйесінде (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі № 214 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.

Қағидаларға сілтемелер: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/323052?lang=kk