Рыбакина 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кортта теннисшілер бір сағат 17 минутты өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасады. Айта кетейік, Симона Халеп 2019 жылы Уимблдон жеңімпазы атанған болатын.

Ал финалда қазақстандық теннисші Тунистен келген әлемнің екінші ракеткасы Онс Жабермен кездеседі.