Оның мәліметінше, биыл бірінші жартыжылдықта әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер оң нәтиже көрсетті. Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылы 3,2 млн шаршы м тұрғын үй іске қосылса, бірінші жартыжылдықта 1 млн 250 мың ш м тұрғын үй тапсырылды. 


«І жартыжылдықта құрылысқа салынған инвестициялар көлемі артып, 250 млрд теңгені құрады. Инвестиция көлемі былтыр 1,2 трлн болса, қазіргі уақытта 465 млрд-қа жетті. Өңдеу өнеркәсібінде де оң көрсеткіштер тіркелді. Пандемия салдарынан ШОБ қиындықтарды бастан кешті. Қазіргі уақытта жағдай реттеліп, тіркелген ШОБ өкілдерінің саны артты», - деді спикер.