Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 6-тармағына сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10%-ын белгіленген баға бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі.

Қағидалардың 9-тармағының негізінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 3-сыныпты жұмсақ Triticum aestivum L. бидайды (төменде көрсетілген сапалық параметрлерге сәйкес) сатып алуды қосымшада көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарына тоннасына 116 мың теңге (ҚҚС қоса) EXW «Франко элеватор» шартымен жүзеге асыратынын хабарлаймыз.        

3-сыныпты жұмсақ Triticum aestivum L. бидайдың сапалық көрсеткіштері 

Сапалық көрсеткіштер

Натурасы, г/л, кем емес

710

Дән маңызының салмақ үлесі, %, кем емес

23,0

Дән маңызының сапасы, дана. ИДК

20-100

Ылғалдылығы, %, жоғары емес

14,0

Арам-шөп қоспасы, %, жоғары емес

2,0

Дән қоспасы, %, жоғары емес

5,0

Ақуыздың салмақ үлесі, құрғақ затына %, кем емес

11,5

Құлау саны, сек, кем емес

160

Зиянкестермен залалдануы

Жол берілмейді

Қалған көрсеткіштер

3-сыныпты жұмсақ Triticum aestivum L. бидай үшін айқындалған

ҚР СТ 1046-2008 нормалары аясында

Сандық шектеулерді бөлу қағидалары шеңберінде астық сатып алуға арналған астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі