«Telegram арнасы колледж студенттерін ТжКБ саласындағы өзгерістер туралы уақытылы хабардар ету мақсатында құрылған. Бұл арнадан студенттер қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың әлеуметтік жобалары, білім беру ұйымдары туралы ақпаратты және конкурстар туралы біле алады, сонымен қатар жұмыс туралы хабарландыруларды таба алады. Студенттер чатта білім алмасып, оқу, көркемдік электронды кітаптарды сұрай алады, сондай-ақ өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша министрлікке тікелей хабарласып, кері байланыс ала алады. Осылайша біз студенттердің мәселелеріне уақытылы жауап беруді, оларды шешу жолдарын іздеуді жоспарлап отырмыз, бұл әрбір колледждегі нақты жағдайды көруге көмектеседі», - деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар департамент «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, студенттердің өздерінің стартаптары мен ғылыми жобаларын жүзеге асыруы үшін бизнес-қауымдастықтарды чатқа қосуды жоспарлап отыр.