«Инженерлік инфрақұрылымды жоспарлы түрде дамыту, көпірлер салу, жолдар мен тротуарларды кеңейту, жаяу жүргіншілер мен қоғамдық көліктерге жағдай жасау өте маңызды. Қазір Есіл өзені арқылы Ұлы дала даңғылының бойында 2 автомобиль көпірін салып жатырмыз, ол Нұрлы жол вокзалына шығып, оң және сол жағалауды жалғайтын болады. Оны іс жүзінде аяқтадық, қазір кейбір инженерлік құрылыстар қалды, олар Қазақстанда өндірілмейді, қазір жолда келе жатыр. Олар келгеннен кейін көпірді аяқтап, іске қосамыз. Көпірді жазда ашу жоспарланып отыр. Бұл көлік ағынын және оң және сол жағалаулар арасындағы байланысты айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылының бойында көпір салынуда, оны келесі жылы аяқтаймыз, ал кеше ғана Алаш көпірі бойынша қозғалыс ашылды», - деп атап өтті спикер.  


Ресми деректерге сәйкес, жыл соңына дейін 100-ге жуық көше салынып, жөнделеді. Соңғы 2 жылда 300-ге жуық көше жөнделді, олардың жартысы тұрғын үй алаптарында орналасқан.