Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылғы жекелеген тауар нарығындағы бәсекелестік жайы мен монополистік қызметті шектеу жөнінде есепті жариялады. Бір жылдық жұмысты қорытындылаған құжатта 2021 жылдың монополияға қарсы реттеу мен бәсекелестік саясаты саласындағы маңызды оқиғалар туралы ақпарат ұсынылған.

- 2021 жылы Бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі Заң қабылданды;

- Биржалық сауданы дамыту. Қазақстанда алғаш рет бензин, битум, авиакеросин және дизель отынын биржада саудаланды. Сондай-ақ алғаш рет көмір осындай сауда-саттық жолымен тікелей өңірлік операторларға өткізілді.

- Кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жоба аясында Бәсекелестікті кешенді дамыту бастамасы да бар. Агенттіктің негізгі 3 міндеті - (биржалық сауданы дамыту, электр энергиясы нарығына қол жеткізу, мемлекет иелігінен алу) болды.

- Мемлекет иелігінен алу. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жекешелендіру кезінде "секторалдық тәсілді" ұсынды. ЭҚЖЖ байланыстырудың орнына экономикалық қызметтің нақты салалары қаралады. 2021 жылы жүргізілген секторалдық талдау нәтижелері бойынша мемлекет иелігінен алу үшін басым секторлар анықталып, жекешелендіру үшін объектілерді жедел іріктеу әдіснамасы әзірленді, секторлар бойынша Үкіметке ұсыныстар берілді.

- Мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеуге қатысты да жұмыс атқарылды. 2021 жылы 9 оператор таратылды (5-еуі ведомстволық бағынысты ұйым ретінде қалып, 4-еуі жекешелендірілді не таратылуға жатады).

- Қазақстанда бәсекелестік құқық бойынша алғашқы магистратура бағдарламасы іске қосылды. Жаңа оқу жылында Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті базасында магистратура бөлімі ашылды. Халықаралық авторлық ұжыммен «Бәсекелестік құқық және ҚР саясаты» оқу құралы әзірленді;

- Агенттік үшін маңызды міндет - кедергілерді жою. 2021 жылы бәсекелестікті дамыту үшін 10 кедергі жойылды.

Есептің толық мәтінін төмендегі сілтемеден таба аласыздар https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/323063?lang=kk