Алтай Көлгіновтің айтуынша, тарифтер – ол үшін жаңа мәселе. Талқылауға уақыт қажет. Ақылы автотұрақтардың орналасуына келетін болсақ, ұстаным түбегейлі.    


«Ақылы тұрақ - бұл қала үшін жаңа жоба. Бұл халықаралық тәжірибе, ретсіз тұрақтарды тәртіпке келтіреді. Жоба Министрліктер үйінің жанындағы Мәңгілік Ел даңғылында жақсы нәтиже берді. Бір кездері көліктер көп болды, шағымдар айтылды, көлік қоятын жер болмады, әсіресе қыста қар жауған кезде көліктер көше тазалауға кедергі келтірді. Келісімшартқа 2018 жылы МЖӘ аясында қол қойылды. Біз оны қайта қарадық, естеріңізде болса, сотқа да бердік. Тұрғындардан келіп түскен шағымдарды ескере отырып, әсіресе әлеуметтік тұрғын үйлердің жанында ақылы автотұрақтар орнатыла бастаған кезде. Біз бұған қарсы болдық және оны қайта қарадық. Жоба жаңа, сондықтан оны одан әрі жетілдіруге дайынбыз. Ең бастысы, тәртіп болу керек және тұрғындардың мүдделері бұзылмауы керек. Біз барлық шағымды қарастыруға дайынбыз, егер ақылы тұрақтар рұқсат етілмеген жерлерде болса, біз оларды алып тастаймыз», - деді әкім.