Ағымдағы жылдың 5 айында


Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі - 4,1 трлн. теңге (өткен жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,5%-ға артық)


Білім беру, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылыми және техникалық қызметте инвестициялардың айтарлықтай өсуі қамтамасыз етілді
Өңірлердің үздік көрсеткіштері:

Шымкент, Алматы, Ақмола облысы

Қазақстанның 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасының негізгі тармақтары

1️. Инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту

Ашық және болжамды инвестициялық саясатты қалыптастыру

Инвесторлар үшін институционалдық орта мен инфрақұрылым жетілдіру

Құқықтық режимді жақсарту
Сот төрелігіне сенім мен ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту

Ведомствоаралық үйлестіруді нығайту
Жобаларды жылжыту және өндірушілерді қолдау бойынша цифрлық құралдарын жасау

2️. Жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу

Инвесторлар үшін тұрақты және ауыртпалықсыз жағдайлар жасау

Стратегиялық және бөлшек инвесторлар тарапынан қаржыландыруды, оның ішінде әріптестік қаржыландыруды тарту (банктер, сақтандыру ұйымдары, мемлекеттік қатысатын қорлар, квазимемлекеттік сектор компаниялары)

Қазақстандық қор нарығын халықаралық капитал нарықтарына интеграциялау, ілгерілету және сыртқы портфельдік инвестициялар тарту

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктегі тәсілдерді кешенді реформалау

ESG қағидаттарын қолданудың өсіп келе жатқан үрдісінің маңыздылығын ескере отырып, тұрақты даму жобаларына инвестицияларды тартуды ынталандыру

3️. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу

Банкроттық рәсімдерін жеңілдету. Бұл тиімсіз меншік иелерін ауыстыра отырып, дәрменсіз кәсіпорындардың нарықтан шығуын жеделдетуге мүмкіндік береді

Капиталдар ел экономикасына қайтарылған жағдайда оларға рақымшылық жасау

Қазақстандық компанияларды шетелдік юрисдикциялар мен офшорлық аймақтардан АХҚО юрисдикциясына ауыстыру

Іске асырылатын инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы құрылды

ҚР СІМ деректері бойынша*

Пулға 765 жоба кіреді

Жалпы сомасы 24,4 трлн теңге

112 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда

2022 жылы 3,2 трлн теңге сомасына шамамен 306 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда (мемлекеттік органдардың деректері бойынша)

Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен 40 жоба пайдалануға берілмек