Бүгінде пойыздардың техникалық жай-күйімен қатар тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікке  де жіті назар аударылып отыр. Осыған орай ағымдағы жылдың алғашқы бес айында темір жол саласындағы 220 кәсіпорынға тексеру жүргізілген. Тексеріс нәтижесінде 4 091 бұзушылық анықталып, жылжымалы құрамның 47 бірлігін пайдалану тоқтатылды.

Сондай-ақ аумақтық көліктік бақылау органдарымен 200 жолаушылар пойызы тексеріліп, жолаушыларды тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзуға қатысты 431 кемшілік анықталған. Билетсіз жолаушыларды тасымалдауға қатысты 33 оқиғаның жолы кесіліп, 31 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілген.

Қазіргі таңда жолаушылармен кері байланыс орнату және тасымалдау кезіндегі сапаны арттыру мақсатында ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Ахуалдық орталығының базасында тәулік бойы арнайы Whatsapp нөмірі жұмыс істейді.

2022 жылдың алғашқы алты айында аталған желіге мыңнан астам өтініш пен шағым келіп түскен.

Ахуалдық орталықтың Whatsapp нөмірі: +7 708 088 08 00