ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының м.а. Қасым Тілеповтің айтуынша, осы бағытта жүктің кез келген түрін тасымалдауға мүмкіндігіміз бар.

«Сондай-ақ жеке сауда флотымыз бар, атап айтқанда, бүгінде Каспийге белсенді қатысатын төрт құрғақ жүк кемесі Ақтау-Баку фидерлік желісі бойынша да контейнерлер тасымалдауды қамтамасыз етеді. Ұзақ мерзімді перспективада жеке паром флотын салуға ниеттіміз. Олардың саны 10-ға жеткізілмек. Бүгінгі таңда негізгі монополист - Әзербайжан кеме шаруашылығы. Контейнерлік ағын артқан жағдайда Ақтау портында контейнерлік хаб салу жоспарланып отыр. Осы мақсаттар үшін халықаралық көлік-логистикалық компанияны тарту көзделген, оған қоса әлемдік контейнерлік операторлар тартылатын болады. Бұл бізге олардың контейнерлік паркін тартуға мүмкіндік береді. Бүгінде бізде контейнерлердің жетіспеушілігі сезіліп отыр. Егер контейнерлік паркті тарта алсақ, бұл экспорттық мүмкіндіктерді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бұл логистика мен сервис тұрғысынан әлдеқайда ыңғайлы және жылдам», - деп атап өтті спикер.