Спикер Еуропаға жол ашатын жоспарларға егжей-тегжейлі тоқталды. 

«Әлеуеттің 19% ғана пайдаланылады. Сондықтан бұл бағытты пайдалануға үлкен мүмкіндік бар. Бұл Парсы шығанағына, тиісінше Үндістан нарығына, одан әрі ашық жолдармен еуропалық нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Жақында Мемлекет басшысының сапары барысында демонстрациялық контейнерлік пойыз ұйымдастырылды. Ол Қазақстан, Түрікменстан, Иран, Ван көлі арқылы тікелей Түркияға өтті. Бұл дамытуға және пайдалануға болатын тағы бір ықтимал жақсы бағыт. Жалпы, біздің жоспарымыз мынадай - Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі негізгі көлік-логистикалық хаб ретінде қайта құру. Бұл үшін барлық алғышарттар бар, көлік инфрақұрылымының сұлбасы жасалды. Қазір теміржол инфрақұрылымын, терминалдық желілерді одан әрі ұлғайту бойынша шараларды қарқынды қабылдау қажет, оның ішінде жылжымалы құрамды жаңарту керек. Белгілі бір жоспарлар бар. Мемлекет басшысы біздің ұсынған бастамаларымызды қолдады. Қазір ұзақ мерзімді перспективаға жұмыс тобын құрып жатырмыз», - деді Тілепов.