«2017 жылғы 30 қазанда жүктерді өткізу мақсатында Баку – Тбилиси – Карс теміржол телімі ашылды. Ол қазір аяқталуда. Одан басқа, 340 км аумақты қамтитын Зангезур жаңа көлік дәлізі салынады. Бұл да  Қазақстанның жүк жөнелтушілері үшін тағы бір зор мүмкіндік. Ол 5 жылда бітеді деп жоспарланып отыр. Себебі алты елдің министрлері Баку қаласында кездесіп, үш жақты келісімге қол қойып, декларация жариялады, Аталған көлік дәлізі де қазіргі жүк ағынының екпінін қарқындатады деп ойлаймыз. Бұдан  басқа, Түркия мемлекетінде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Осылайша, біз Еуроодақ  елдеріне тікелей шығуға мүмкіндік аламыз. Ірі интеграцияланған көлік-логистикалық компания құру – қазіргі заманның талабы. Бұл жақсы нәтижелерге жетелейді. Бұл бастама жүзеге асырылса, Қазақстанның әлемдегі логистикалық индексі біршама өседі», - деді спикер. 


Оның айтуынша, қазіргі таңда көлік дәлізінде теңіз, теміржол саласын қамтитын жұмыстар атқарылуда. Бұл мультимодалды, интермодалды көлік дәлізі болып есептеледі. Себебі онда тасымалдау бірнеше көлік түріне тиесілі технологияларға сай жүзеге асырылады.