Қызылордадан бастап Қарабұтақ, Ақтөбе арқылы шекараға дейін жолды бірінші категорияға реконструкциялау керек. Жобаны 2 кезеңмен іске асыру жоспарланған. Бұл туралы ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.
«Бірінші кезеңде ұзындығы 262 шақырым болатын «Ақтөбе-Ұлғайсын» автожолының учаскесін реконструкциялау көзделіп отыр. Қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттама әзірленуде. Ол 2023 жылы қолға алынбақ. Ал екінші кезеңде, яғни 2025 жылдан кейін ұзындығы 1100 шақырымды құрайтын жолдың қалған бөлігін қайта жаңарту жоспарланған. Оны 2030 жылға дейін бітіру көзделген», - деді спикер.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!