«Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейінгі жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде жұмыстар Қарағанды мен Алматының арасындағы жолда жүргізіліп жатыр. «Нұр-Сұлтан – Қарағанды» жобасы аяқталды. Бүгінде І санаттағы жол пайдалануға берілді.  «Қарағанды - Алматы» жол учаскесі 4 бағытқа бөлінген: «Қарағанды-Балхаш», «Балхаш – Бурылбайтал», «Бурылбайтал - Құрты» және «Құрты-Қапшағай». Қазіргі уақытта жаңа асфальтбетон жабыны бойынша қозғалыс «Қарағанды – Балқаш» учаскесінің 227 шақырымында жүзеге асырылуда. «Балхаш – Бурылбайтал» жолында тиісті жұмыстар жалғасуда. Аталған көлік дәлізіндегі жұмыстар 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған», - деді спикер.