Дипломатиялық миссия басшысы Джуну Ямадемен әңгімелесу барысында Әлихан Смайылов Қазақстанның Абэ мырзаны өз елінің патриоты және Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарының дамуына елеулі үлес қосқан саясаткер ретінде білетінін атап өтті. 

«Синдзо Абэ Жапонияның дамуы үшін ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін де көп еңбек етті. Осы қиын сәтте Қазақстан Үкіметінің және жеке өзімнің атымнан Абэ мырзаның отбасына және бүкіл жапон халқына көңіл айтамын», — деді Үкімет басшысы.

ҚР Премьер-Министрі елшілікке барған кезде көңіл айту кітабына жазба қалдырды.