Осыдан тура 30 жыл бұрын 1992 жылдың 13 шілдесінде ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды.

Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, мемлекеттік шекарасын күзетуге, үкіметтік байланыс қызметіне және «А» арнаулы мақсаттағы қызметіне басшылықты, оның құзыретіне жататын қызмет салаларында ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган саналады.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Сириядағы соғысқа аттанған отандастарымызды елге оралтуға бағытталған «Жусан» операциясын, халықаралық террористік ұйымдардың Қазақстандағы құрылымдарын жоюға бағытталған операцияларды сәтті жүзеге асырды.

Сонымен қатар ядролық отын ретінде қолданылған жоғары байытылған уранды Қазақстаннан шығару әрі тасымалдау жөніндегі жоба «Сапфир», шет мемлекеттің агенттері мен барлаушыларын ұстау үшін әзірленген «Виктория» операциялары барысында кәсіби біліктіліктерін танытты.

«Gorka», «Тайфун» сынды бірегей операцияларды жүзеге асырып, халықаралық есірткі бизнесінің жолын кесті.