«Әділет министрлігі Reed Smith компаниясының заң кеңесшілерін тарта отырып, талдау қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірледі. Жүргізілген жұмыс нәтижелері Мәжіліс депутаттарына таныстырылды және талқылаудан кейін депутаттық бастаманың негізіне алынды. Заң жобасы бойынша авторлар мен құқық иеленушілердің, патенттік сенім білдірілген өкілдердің, ғалымдардың, ұжымдық ұйымдар, мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің барлық мүдделі тараптарын тарта отырып, кеңінен талқылау жүргізілді», - деді ол Орталық  коммуникациялар қызметі алаңында.