Елші Қазақстандағы ел басшылығы жүргізіп жатқан саяси реформалар, сондай-ақ ел Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша өткен референдум туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Д. Маноле Конституциялық Соттың жұмысы және Молдова заңнамасын Еуропалық одақтың нормаларына сәйкестендіру аясындағы бастамалар туралы хабардар етті. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң бағалады.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін және ынтымақтастықты, оның ішінде сот жүйесі бағыты бойынша одан әрі нығайтуға мүдделілігін білдірді.