Оны салтанатты жағдайда Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов пен Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Алматы филиалының бастығы, атақты қолбасшының немересі Алуа Байқадамова ашты.

– Қазақстандық әскери қызметшілердің бірнеше буыны үшін Иван Васильевич Панфилов аңызға айналған, жанқияр ерліктің және Отанын шексіз сүйген перзенттің үлгісі болып қала береді, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов

Одан бөлек, шараға Ресейдің Мәскеу облысы Волокаламск қалалық округінің басшысы Михаил Сылка, Жетісу облысы мен Талдықорған қаласы әкімшілігінің өкілдері, әскери бөлімдердің командирлері, Қарулы күштер мен Ауған соғысының ардагерлері қатысты. 

– Алматы облысының аумағында орналасқан десанттық-шабуылдау құрамасы Иван Панфилов есімімен аталады. Дәл осы жерде 1941 жылдың жазында ел аузында «панфиловшылар» деп аталып кеткен 316-шы атқыштар дивизиясы құрылды. Бүгінгі күн – тарихи күн. Қорғаныс министрлігіне және бюст жасауға атсалысқан баршаға азаматтарға алғыс айтамын, – деп батырдың немересі Алуа Байқадамова шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Салтанатты рәсімге қатысушылар Иван Панфиловтың бюстіне гүл шоқтарын қойып, осылайша Отан тарихында жарқын із қалдырған батырдың рухына тағзым етті.