Биыл қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша:  

 Жалпы ішкі өнім 3,4%-ке өсті.  

 Тауар өндірісі 4,1%-ке, қызмет көрсету саласы 2,1%-ке өсті.   Өңдеу өнеркәсібінде (+5,8%), құрылыс (+9,2%), сауда мен көлік салаларында (+6,2%) өсімнің жоғары қарқындары орын алуда.  

 Сыртқы сауда тауар айналымы 41%-ке өсіп, $51 млрд құрады.

 Экспорт 59%-ке, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35%-ке өсті.

 Оң сауда балансы 2,6 есеге артып, $17,1 млрд құрады.  

 Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,6%-ке өсті.   «Қолайсыз сыртқы экономикалық конъюнктураға қарамастан, біз елдің макроэкономикалық көрсеткіштерінің оң серпініне ие болып отырмыз», — деді Ә. Смайылов.