«Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, халықаралық институттар Қазақстанның ішкі жалпы өнімі биыл 2 пайызға ғана өседі деп болжап отыр.

«Бұған дейін олар 3,7 пайыз болатынын айтқан еді. Бұл Үкімет жұмысының нақты көрсеткіші болып табылады», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазіргі уақытта Үкімет басшысы Әлихан Смайылов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыларын баяндап жатыр. Одан кейін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов ақша-несие саясаты мәселелеріне тоқталады.