Оның айтуынша, соңғы 7 жыл ішінде Абай өңірі бойынша өнеркәсіп өндірісі көлемін 5 есеге, ауыл шаруашылығын 2,4 есеге арттыруға мүмкін болды. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім - 2,9 млн теңге. 


Сонымен қатар облыс басшысы бюджеттік инвестицияның айтарлықтай өскенін атап өтті. 


«2015 жылдан бастап 2022 жылға дейін облысқа республикалық бюджеттен 390 млрд теңге даму трансферті алынды, оның ішінде Абай өңіріне 200 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 51% жұмсалды. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен қосымша 154 млрд теңге бөлінді. Барлығы - 354 млрд теңге бюджеттік инвестиция салынды. Сондай-ақ Абай өңіріне 2 трлн теңгеден астам қаржы салынды немесе Шығыс Қазақстан облысы бойынша инвестицияның жалпы көлемінің 53%. Ауқымды жобалар іске асырылды, олар: қуаты жылына 50 млн тонна мыс кені болатын Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының 2-кезегі, инвестиция көлемі 760 млрд теңге; жылына 2 млн тонна алтын кенін өндіретін Бақыршық тау-кен байыту кәсіпорны, инвестициясы - 134 млрд теңге. Семей қаласында өсімдік майын өндіру бойынша қуаты 300 мың тонна  май экстракциялық зауыты», - деді өңір басшысы.