Оның мәліметінше, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері тұрақты серпінді өсіп келеді.
«Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107% құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі - 108%, ауыл шаруашылығы өнімі - 103%, инвестиция -112%, құрылыс жұмыстары -110%. Осының барлығы мемлекеттік бюджетке түсімді 1,6 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Еңбек нарығы тұрақты дамуда. Соңғы екі жылда жұмыссыздық деңгейі 4,8% асқан жоқ. Орташа айлық жалақы 125% өсті», - деді облыс әкімі.