«Мен экспортқа қарсымын. 75 млн текше метр газ Қытайға жіберілмейді. Қазіргі кезде экспорт тоқтатылды. Бүгінде қорда 328 млн текше метр газ қалды, оны халыққа ғана береміз деп отырмыз. Сол себептен «Тарбағатай Мұнай» компаниясымен келісімге келдік. Бірде-бір текше метр ешқайда кетпеуі керек. Халық сұраған 328 млн газ әлеуметтік салаға беріледі. Ол шамамен 11 жылға жетеді. Сондай-ақ, кәсіпорын барлау жұмысын кеңейтеді, жалғастырады, қосымша газ болса, онда халықпен ақылдасып, шешім қабылдаймыз. Жағдай жаман емес. Ол жерден мұнай шықты, мұнай болса, газ да бар. Бәрін уақыт көрсетеді», - деді өңір басшысы өз жауабында.