Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қамтамасыз ету аса маңызды.

Үкімет әлеуметтік қолдауды барынша атаулы ете отырып, оның белсенді форматына көшуі қажет.

Отбасының әлеуметтік картасы ақыр соңында шындыққа айналуы үшін ақылға қонымды болуы керек. Жобаның бастапқы тұжырымдамасы оны әзірлеуге бірнеше бөлімдердің қатысуына байланысты бірнеше рет өзгерді.

Үкіметке жыл соңына дейін Отбасының цифрлық картасын іске қосып, әлеуметтік әмиян енгізуді тапсырамын.

Энергия қуатының жетіспеушілігі туралы ұмытпау керек. Энергобаланс жоспарларына сәйкес, биыл біз 1 гигаваттан астам қуаттылықты іске қосуымыз керек еді. Алайда бірқатар жобаларды іске асыру кейінге қалдырылды. Ағымдағы жылы жоспарланған қуаттардың тек 31% - ы (347 МВт) іске қосылады.

Энергия тапшылығы жағдайында мұндай қарқын қолайсыз. Үкімет мұны түсінеді деп үміттенемін.

Елдің бірыңғай энергия жүйесінің оңтүстік және батыс аймақтарының электр желісін күшейту де жеткіліксіз қарқынмен жүруде. Қазіргі уақытта батыс аймақ бойынша жұмыстар тек 10%-ға аяқталды.

Жобаларды уақтылы іске асыру үшін барлық шараларды қабылдау қажет. Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі осыған байланысты.