«Нарыққа жоғары сапалы дайын өнім шығару үшін жыл басынан бері облыста қуаты 300 мың тонна ірі май экстракциялық зауыт пайдалануға берілді, Өскемен қаласында жылына 50 мың тонна күнбағыс майын өндіретін зауыт салынуда. Осылайша, жұмыс істеп тұрған өндірістерді ескере отырып, жаңа май экстракциялық зауыттардың іске қосылуы өңдеу көлемін 1 млн тоннаға дейін, өсімдік майларының экспортын 1,3 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар облыста мал шаруашылығы тұрақты дамуда. Өткен жылы ІҚМ саны 106%-ға, ұсақ мал - 106,2%-ға, жылқы - 112,5%- ға, құс - 110,5%-ға өсті. Ет өндіру шаруашылықтың барлық санаттарында 103,2% - ға, сүт өндіру 104,8% - ға өсті», - деп атап өтті әкім. 


 Мал шаруашылығы өнімдерінің нақты көлемінің тұрақты өсуі тамақ өнеркәсібінің өндірістік қуатын арттыруды ынталандырады. 2022 жылдың соңына дейін сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 96% - ға дейін артады. Сүт өнімдерін шығарумен айналысатын «Эмиль» компаниясы тауарлар ассортименті мен көлемін 2 есе кеңейтуді жалғастырады. Өскемен құс фабрикасы қайта жаңартуды аяқтап, құс етін шығару көлемін жылына 55 мың тоннаға дейін арттыруда. Қуаттылығы жылына 1,5 мың тонна балық және балық өнімдері аквафермасы пайдалануға берілді.