Қол қойылған құжат жаңа электр станцияларын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған.

Polymetal халықаралық алтын өндіру компаниясы да жасыл энергетиканың дамуына өз үлесін қосуды жоспарлап отыр. Компанияның Абай және Қостанай облыстарындағы жобасы бес жыл ішінде жиынтық қуаты 39,6 МВт екі күн электр станциясын және қуаты 40 МВт бір газпоршеньді маневрлік электр станциясын салуды көздейді. Инвестициялардың жалпы көлемі $90 млн-нан асады.

Жаңа жасыл генерация Қазақстанға жылына 63 млн кВтсағ таза электр энергиясын қамтамасыз етеді.

Жобаларды іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Құрылысы жоспарланған нысан, бір жағынан, ЖЭК дамытуға және жаңа күн станцияларын салуға, ал екінші жағынан, ЖЭК генерациясының тұрақсыздығын түсіне отырып, елдің энергия жүйесіне теңгерімсіздік проблемасын шешуге көмектесетін жаңа маневрлік қуаттарды енгізуге көмектесетін бірегей жоба. Бұл тұрғыда мұндай жоба Қазақстанның электр энергетикасы тарихында тұңғыш болып табылады, - деп атап өтті «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов.