Оның айтуынша, соңғы аптада әлемнің 108 елінде сырқаттанудың өсуі байқалады, оның ішінде Жапонияда соңғы аптада сырқаттану 112%-ға, Арменияда 103%-ға, Венгрияда 72%-ға, Қытайда 28%- ға, Ресейде 12%-ға өскен.  


«COVID-19 Омикрон штаммы барлық әлемдегі негізгі вирус болып  өршуді жалғастыруда,  оның үлесі  зерттелген үлгілердің 92  пайызын құрайды. Омикрон штаммының арасында BA.5 және BA.4 үлесі артуда, соның ішінде вирустың BA.5 түрі 83 елде анықталды. Қазақстанда маусым айында жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша анықталғаны, үлгілердің 70% Омикрон ВА.5 нұсқасына жатады», - деді спикер.