Сырқаттанудың   ең көп таралуы еліміздің ең ірі мегаполистерінде Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында басталуда. Соңғы аптада ауырған адамдардың 70%-ы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелді. 


«Сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен. Осы жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша республикада коронавирус бойынша стационарлық көмекті 139 жұқпалы аурулар ауруханасы көрсетеді, олардың  қуаты 3282 төсек-орынды құрайды, қазіргі кезде 570 пациент емдеуге жатқызылды, төсек-орындардың қамтылуы 20 % құрайды. Стационарларда емделіп жатқан пациенттерге талдау жүргізілді. Мысалы, коронавируспен стационарда емделіп жатқан пациенттер ішінде балалар саны  – 41,7%, оның ішінде 1 жасқа дейін – 23 бала. Жалпы ел бойынша  180 бала стационарлық ем алуда. Ересек пациенттер 58,3%-ды құрады. Олардың 40% ілеспе аурулары бар», - деді ДСМ басшысы.


Вирустың өршуіне қарамастан, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 4% құрайды.