«Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі (КазВак, Синофарм, Пфайзер) бар және барлық емханаларда қолжетімді, қайта вакцинациялау үшін егу пункттеріне вакцинаның 1,6 миллион дозасы жеткізілді. Республика бойынша КВИ-ға қарсы бірінші ревакцинациямен егілуге тиісті халықтың 67,5%-дан астамын құрады, шамамен 5 млн адам қамтылды, тәулігіне 10 мыңнан астам адам егіледі. Мамыр айының соңынан бастап біз қайта ревакцинациялауды енгіздік, бүгінгі күні 260 мың адам екпе алды. COVID-19-ға қарсы ревакцинация алдыңғы вакциналардан кейінгі иммунитетті сақтауға бағытталғанын және организмді аурудан қорғауды нығайтатынын атап айтқым келеді»,  - деді денсаулық сақтау министрі.