«Өздеріңіз білетіндей, Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы 3 айға арналған болжамын жаңартып отырады. Пессимистік сценарийде ең көп тіркелген жағдайлар тәулігіне 4000 науқасқа дейін, реалистік сценарийде тәулігіне 2500 жағдайға дейін, оптимистік сценарийде тәулігіне 1000 жағдайға дейін болады. Сырқаттанушылық тамыз айында өседі. Тамыз-қыркүйек айының соңында төмендей  бастайды», - деді министр. 


Ол қазақстандықтарды өз денсаулығына қамқор болуға шақырды. Қоғамдық орындарда және көлікте бетперде тағу керек. Аурудың алғашқы белгілері байқалса, дәрігерлерге хабарласу қажет.