Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың және көпжақты өзара іс-қимылдың, оның ішінде БҰҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі қазіргі жағдайы мен даму жолдарын талқылады.

Р. әл-Малики Палестина Қазақстан төрағалығының АӨСШК шеңберінде ілгерілеп келе жатқан бастамаларын түбегейлі қолдайтынын мәлімдеді және 2022 жылғы қазанда Кеңестің 6-шы саммитін нәтижелі өткізуге күш салу ниетін білдірді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Таяу Шығыстағы ахуал мен халықаралық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу орын алды.

Тараптар екіжақты және көпжақты бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдету мақсатында сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде диалогты жалғастыруға келісті.