Юрий Ильин батыр жігіт Есдәулет Дәуітбековке көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс білдіріп, болашақта ТЖМ азаматтық қорғау органдарының қатарынан осындай батыл жігіттерді көргісі келетінін айтты. Сонымен қатар батырдың анасына гүл сыйлап, нағыз батырды тәрбиелегені үшін алғыс айтты. Сөз соңында Министр мұндай ерлік өскелең ұрпаққа үлкен үлгі-өнеге беретінін атап өтті.

2022 жылғы 13 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы, «Шерқала» ТК мекенжайы бойынша 17 жастағы жасөспірім құтқару бөлімшелері келгенге дейін москит торын итеріп жіберіп, 6-қабаттың терезесінен құлағалы тұрған баланы құтқарды. Есдәулет өз өмірін қатерге тігіп, көршінің терезесінен баланың пәтеріне өтіп, оның құлап кетуіне жол бермеді. Бұл ерлік әлеуметтік желілерде жарияланып қоғамдық резонанс тудырды.

Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылған аз ғана мысалдардың бірі. Бірақ, өкіншке орай қайғылы аяқталатын оқиғалар көп кездеседі.  Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз! Егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені баланың құлауы үшін санаулы ғана секундтар жеткілікті. Бұл бала өліміне әкеп соғуы әбден мүмкін.