Тараптар гендерлік теңдік, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылап, өзара тиімді әріптестік перспективалары туралы пікір алмасты.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, Қазақстанда гендерлік теңдік мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Елде отбасының, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия табысты жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ҚР-да 22,5 мыңға жуық ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) бар, олардың 500-ден астамы отбасылық және гендерлік саясатпен айналысып, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге маңызды үлес қосады. Әйелдер қауымы 8 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдарды басқарады.

Сондай-ақ, ел өңірлерінде кәсіпкер әйелдер санының тұрақты өсуі байқалуда.

Анита Бхатиа ханым елімізде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмысты жоғары бағалап, Қазақстанның гендерлік теңдік саласындағы үздік халықаралық практикаларды енгізіп жатқанын және әйелдердің бастамаларына жәрдемдесетінін атап өтті.