Қатысушылар ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудағы табысты ынтымақтастықты атап өтті, оның нәтижесі «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК қарамағындағы ИВГ.1М зерттеу реакторын конверсиялау болды. Төмен байытылған уран отыны бар ИВГ.1М реакторын пайдалануға беру физикалық және энергетикалық іске қосу кезеңдері аяқталғаннан кейін 2023 жылға жоспарланған.

АҚШ делегациясы алдын ала Курчатов қаласындағы «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ға барды, кәсіпорын объектілеріне техникалық турлар, сондай-ақ ИВГ.1М зерттеу реакторының конверсия мәртебесі, ИВГ.1М эәне ИГР зерттеу реакторларының сәулеленген отынын сұйылту және түпкілікті кәдеге жарату мәселелері талқыланған техникалық кеңес өткізілді.

Анықтама үшін:

Қазақстан ядролық қаруды таратпау режимі бойынша өзіне алған міндеттемелер шеңберінде 2010 жылдан бастап «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК қарамағындағы ИГР және ИВГ.1М зерттеу реакторларын конверсиялау жұмыстарын жүргізуде.

Осы жұмыстардың негізгі мақсаттары ҚР ҰЯО зерттеу реакторларының отынын байытуды 20%-дан төмен деңгейге дейін төмендету және пайдаланылған ЖБУ-осы реакторлардың отынын қайта өңдеу немесе кәдеге жарату болып табылады.

Жобалар осы күрделі міндетті орындау үшін Қазақстан ұйымдарының ғылыми-техникалық әлеуеті мен құзыреттерінің жоғары деңгейін атап өтетін АҚШ ұйымдарымен бірлесіп іске асырылуда.