ТЖМ табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелерінің 213 объектісінің, сондай-ақ 55 балаларды сауықтыру лагерінің өртке қарсы жағдайына тексеру жұмыстарын жүргізді.
«Тексеру нәтижелері бойынша ұйым басшыларына өртке қарсы іс-шараларды мерзімінде орындау үшін барлық шаралар көрсетілген. Ормандар мен далалардың жану ошақтарын уақтылы анықтау үшін тұрақты авиациялық патрульдеу жүргізіледі. Қазіргі кезде «Қазавиаспас» құтқару мекемесінде 9 тікұшақ қарастырылған. Ол барлық өңірлерге қойылған. Ол су шашу, өрт сөндіру құрылғысымен жабдықталған. Тікұшақтар жұмысқа жарамды. Жақында Қарағандыда, БҚО-да, Нұр-Сұлтан қаласында болған өрттерге тартылды. Табиғи өрттерді ерте анықтау мақсатында «Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамы орман дала алқаптарының ғарыштық мониторингі бойынша қызметтер көрсетеді», - деді ТЖМ өкілі.