«20 маусымда Қарағанды облысында найзағай разрядының салдарынан дала алқабында өрт шықты. Дауылды екпінді желге байланысты өрт 45 гектардан астам жерді шарпыған, екі адам жарақат алды. 14 шілде - Атырау облысында дала өрті салдарынан жүздеген қой қырылып, нақты шығын мен өлген малдың саны анықталуда», - деді спикер. 


Айта кетейік, орман және дала өрттерінің басым бөлігі 100 км-ден астам радиуста ТЖМ бөлімшелері жоқ шалғай аумақтарда болады.