Қиратулар, мемлекеттік объектілерді өртеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны белгілі. Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерилерге шабуыл жасап, жолдың жүру бөлігін жауып, автокөліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға көндірген және тонаулар жасаған. 


«Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді бұғаттау үшін олар полиция органдарының ғимараттарына шабуылдар жасады. Бүгінгі күні арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 және терроризм актілерімен 32 қылмыстық іс бар. Тергеу әрекеттерінің аяқталуына қарай істер сотқа жолдануда. Алматы қаласында арнайы прокурорлармен 3 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Олар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасағаны және билік өкілдеріне күш қолданғаны үшін күдіктелуде. Қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні аталған қылмыскерлер Алматы қаласының орталық алаңында болып, басқа адамдармен топтаса полицияның 42 қызметтік автокөлігін қиратты, қол жетімді құралдармен қаруланып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жасады, содан кейін әкімдік ғимаратына шабуыл жасауға және өртеуге белсенді түрде қатысты. Олардың осы қылмыстарға қатыстылығы бейнекамера жазбалармен, куәлердің жауаптары және сараптамалық зерттеулермен расталады. Қылмыстық іс айыптау актісімен негізінен қарау үшін сотқа жолданды», - деді БП өкілі. Қалған қылмыстық істер арнайы прокурорлармен дәлелдемелерді жинау және барлық қатысты адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.