Қазіргі уақытта 589 күдіктіге қатысты 359 іс сотқа айыптау актісімен жолданды. Олардың көпшілігі жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрлық жасағаны, қаруды ұрлағаны және заңсыз сақтағаны, көлік құралдарын заңсыз айдап кеткені, тонау және бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылуда.

«Сотта қарау нәтижелері бойынша 460 адамға қатысты үкім шықты, оның ішінде 371 адам бас бостандығынан шектелді, 4 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, 5 адамға айыппұл салынды, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 80 адам бас бостандығынан айыруға сотталды. Одан басқа, келтірілген шығынды өтеуіне және тараптардың татуласуына байланысты соттар 13 адамды қылмыстық  жауапкершіліктен босатты. Қазіргі таңда соттардың өндірісінде 116 сотталушыға қатысты 55 қылмыстық іс қаралуда», - деді спикер.


Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтар мен бизнес субъектілерінің 343 млн теңгеден астам сомаға бағаланатын ұрланған мүлкі табылып, алынды.