Құрметті металлургтер және металлургия саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен құттықтаймын!

Металлургия – біздің өңір экономикасының негізгі салаларының бірі. Қарағанды облысы Қазақстанның металлургия өнеркәсібі өндірісіндегі көлемі бойынша бірінші орынға ие. 

Бүгінгі күнді қара немесе түсті металлургиямен байланысты салаларда жұмыс жасайтын әртүрлі кәсіптің өкілдері атап өтуде, олардың қатарында доменшілер, болат балқытушылар, прокатшылар, құюшылар, темір ұсталары және басқалар бар. Металл өндірісіне қажетті кенді өндіретін кеншілер де бұл күнді өздерінің төл мерекесі деп санайды. «Отты» мамандық иелерінің еңбегі қашанда ерекше құрметке ие, өйткені металл балқыту – батылдық пен қажыр-қайратты қажет ететін өнер. 

Бұл күні мен осы салада қажымай-талмай еңбек етіп жатқан барлық азаматтар мен ардагерлерге, еңбегі сіңген металлургтерге олардың еңбегі және өз ісіне деген адалдықтары мен Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлестері үшін ерекше алғысымды айтамын. 

Құрметті достар! Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық, елімізді гүлдендіру жолында жаңа табыстар тілеймін!