Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Словак Республикасының Елшісі Милан Коллармен кездесу өткізді.

М. Тілеуберді Елшіге осы лауазымдағы қызметі үшін алғыс айтып, қазақстандық-словак ынтымақтастығының оң динамикасын атап өтті. Ол екі ел арасындағы саяси диалогтың сындарлы және тұрақты сипатын атап өтіп, Қазақстанның екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылығын білдірді.

Қазақстан мен Словакия арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға сіңірген зор қызметі үшін М. Коллар «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 30 жылдығы» ведомстволық мерейтойлық медалімен марапатталды.

Өз кезегінде Словакия Елшісі еліміздегі дипломатиялық миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Үкіметіне шынайы ризашылығын білдірді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Армения Республикасының Елшісі Армен Гевондянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ Қазақстан мен Арменияның халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар екіжақты сауданы жақсарту және екі елдің іскер топтары үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында бірлескен халықаралық іс-шаралар кестесі және Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу мәселелері қаралды.

Түрік тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия Республикасының Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны одан әрі кеңейту болашағын талқылады.

Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу мәселелеріне ерекше назар аударылды.