"ҚР - да соңғы аптада КВИ - дің 8 156 жағдайы тіркелді және өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 3,2 есеге, яғни, 2558-ден 8156-ға дейін өсті", - деп хабарлады министр.

Бұл ретте ауырғандардың 78%-ы Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Алматы облысына тиесілі, онда аптасына КВИ-дің 500-ден астам жағдайы тіркелуде.

"Науқастардың вакцинациялау мәртебесін талдау кезінде 89% - ы вакцинацияланбаған немесе 6 ай бұрын вакцинациядан және ревакцинациядан өткен адамдар екендігі анықталды", - деп атап өтті ҚР ДСМ басшысы.

А.Ғиният КВИ-мен сырқаттанушылықтың көтерілуіне байланысты ДСБ және өңірлердің медициналық ұйымдарының басшыларымен пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша дайындық жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

Республика бойынша инфекциялық төсектерді жұмыспен қамту 30%-ды, реанимациялық төсектерді қамту 5%-ды құрайды.

Денсаулық сақтау министрі Денсаулық сақтау басқармаларына КВИ-дің дайындығын қамтамасыз ету және оның таралуының алдын алу бөлігінде ұсынымдар берді. Мәселен, өңірлердің ДСБ сүзгі-кабинеттердің жұмысын күшейту; МСАК ұйымдарына барудың шыңы сағаттарында пациенттер легінің бөлінуін ерекше бақылауға алу; барлық МСАК ұйымдарында дайындық чектері бойынша мониторинг жүргізу қажет.

Жалпы халықтың бірінші компонентімен вакцинациялаумен қамту 56,6% – ды, екінші компонентімен қамту 55,1% - ды құрады.
Ревакцинацияны 4,8 млн. адам немесе жататын халықтың 67,9%-ы алды.

"Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау барысында және науқастардың 80% - дан астамы вакцинацияланбаған адамдар екенін ескере отырып, өңірлер халықты қайта вакцинациялау науқанын жандандыруы қажет", - деп атап өтті А.Ғиният.