Салтанатты рәсімінен кейін қазақстандық дипломат Германия Президентіне Қазақстанның өзекті ішкі және сыртқы саясаты, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған әлеуметтік-экономикалық реформалар мен іргелі саяси өзгерістер туралы хабардар етті. Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың кеңеюіне ерекше көңіл бөлінді.

Ағымдағы жылы Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын мерекелеу аясында тараптар олардың жоғары деңгейін және саяси диалогты, белсенді экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін атап өтті. Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан басшылығы мен халқына ізгі тілегін жеткізді.